Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТ. ЖАСТАР. БОЛАШАҚ

ПРЕЗИДЕНТ. ЖАСТАР. БОЛАШАҚ

ҚР Президенті Қ.Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндетін алға қойған болатын. Осыған сәйкес, елімізде өз салаларында белгілі бір жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар резервке қойылып, елдегі жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалуға үлкен мүмкіндік ашылып отыр.
Президенттік жастар кадр резервіне арнайы іріктеуден өткен үміткерлердің басшы лауазымдарға орналасу мүмкіндігі болады.
Бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мәселелер, әлемдегі жаһандық өзгерістер, қоғамның әл-ауқаты, басқа да қажеттіліктерге сай құзіреттілігі жоғары жаңа форматтағы көшбасшыларды дайындау мемлекеттік аппарат құру – Президенттік жастар кадр резервін қалыптастырудың маңыздылығын айқындап отыр.Президент Жолдауында айтылғандай, заман талабына сай тиімді мемлекет пен халықпен тиімді кері байланыс орнатуға, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдаманы іске асыру мәселесі – білімі мен біліктілігі жоғары жастарға байланысты.
Осы орайда, Президенттік жастар кадрлық резервіне өткізіліп жатқан іріктеу жолдаудағы тапсырмалардың іске асырылуының нақты айғағы десек болады. Себебі, Резерв дарынды, қызметіне адал, тәжірибелі жастар үшін жоғары лауазымдарға тағайындалу үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты болмақ.
Сөзімді қорытындылай келе, «Президенттік жастар кадр резервін» құрудағы басты мақсат жастар үшін тиімді әрі ашық әлеуметтік лифт құру екендігін атап өткім келеді. Бұл азаматтарға зор үміт артылады және олар алдағы реформалардың қозғаушы күші болатынына сенімдімін.

Ә. Тоқтамысов, 
«Жас Отан» Жастар қанаты Арал аудандық бөлімшесінің басшысы 
29 қазан 2019 ж. 1 194 0