Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді кім және қалай іріктейді?

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді кім және қалай іріктейді?

  Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
 Құжатқа сәйкес, ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы ережені басшылыққа ала отырып, президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру мақсатында құрылған.
  Ұлттық комиссия резервті қалыптастыру бойынша жұмысты жалпы үйлестіру, резервке алу туралы мәселелерді шешу, резервті қалыптастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етумен айналысады.
  Нақты айтқанда, Ұлттық комиссия резервке алуға ұсынылған кандидаттарды қарау, Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату және алу, Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау сияқты функцияларды атқарады.
  Құжатта резервке отыз бес жастан аспаған, жоғарғы білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы алынуы мүмкін екені айтылады.
  Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған мемлекеттік қызметшілер резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді екен.
Резервке алынған адамдар мынадай лауазымдар топтарына орналаса алады:
салалық лауазымдардың тобы:
Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;
ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары және мүшелері.
Салалық лауазымдардың тобы қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:
экономикалық және қаржылық саясат;
әлеуметтік саясат;
инфрақұрылымды және сервистік салаларды, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауды дамыту;
сыртқы және ішкі саясат;
құқықтық саясат;
өңірлік лауазымдардың тобы:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;
облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері;
басқарушылық лауазымдардың тобы:
орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы - Аппарат басшысы;
жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары.
Осы тармақта аталған лауазымдарға тағайындаулар Резервке алынған адамдардың қатарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзге де адамдардың қатарынан жүзеге асырыла алады.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/prezidenttk-jastar-kadr-rezervne-umtkerlerd-km-jane-kalay-300660/
28 тамыз 2019 ж. 699 0