Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Құрметті аудан тұрғындары !
Табиғат – тіршілік көзі болса, тазалық – берекенің бастауы. Туған өлкеміздің тазалығына, келбетінің көркеюіне атсалысу – әрбір тұрғынның ортақ міндеті.
Қазіргі таңда қала тазалығын сақтау үшін сенбілік шаралары ұйымдастырылып, қоқыс тасталған аймақтарға техникалар жұмылдырылуда.
Дегенмен, тұрғындар арасында белігіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастау жағдайлары азаймай отыр. Қоқыс тастауға болмайтындығы жөнінде арнайы ескертпе тақтайшалары ілініп тұрған аймақтарға да қажетсіз заттар тасталған жағдайлар кездесуде.
Осы ретте, тазалыққа жауапты әкімдік қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге күшейтілген рейдтік іс-шаралар тастаған тұлғалар анықталған жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434-2 және 505-баптары бойынша жауапкершілікке тартылады.
Атап өтейік, жыл басынан бері 155 тұрғынға жоғарыда айтылған баптар бойынша тиісті шара көріліп, айыппұл салынды.
Қаламыздың келбетіне нұқсан келтіріп, автокөлікпен немесе жаяу, қол арбалармен рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастаған тұрғындарды көрсеңіз фото-бейне жазбаға түсіріп алып, 102 номеріне немесе қала тазалығына жауапты мамандарға (Рысқұлов Олжас - 8702 919 5001, Құдайбергенов Болатхан – 2-18-56) хабарласып, жолдасаңыздар болады.
Бұл туған қаламыздың әсемдігі мен тазалығын сақтау үшін өте маңызды.
Барша аудан жұртшылығын туған өлкеміздің тазалығын сақтауға шақырамыз!

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
24 қыркүйек 2021 ж. 1 713 0