Тазалық сақтамаған тұрғындар айыппұл төлейді

Осы орайда ауданда арнайы тазалық қағидаларының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған мобильді топ мүшелері күнделікті рейд шараларын жүргізіп келеді. Мəселен мобильді топтың бүгінгі жұмысының нəтижесімен 4 бірдей қала тұрғынының белгіленбеген орындарға лас-қоқыстарын бей-берекетсіз тастау дерегі анықталды. Қоршаған ортаны ластаған аудан азаматтарына əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-2 бабына сəйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Аудан, қала əкімдігінің қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесе құрылған 6 мобильді топ мүшелерінің тазалықты сақтау бағытындағы рейдтік шаралары күнделікті жалғасатын болады.
Атап өту қажет, жыл басынан бері аталған мобильді топ арқылы аудан аумағында қоғамдық орындарды ластау мен белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау деректері əшкереленіп, нəтижесінде 86 хаттама толтырылған. Еске сала кетейік, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жыл ішінде аталған мəселе қайталанған жағдайда тұрғындарға қолданыстағы заңға сəйкес он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатын болады.
Барша аудан жұртшылығын туған өлкеміздің тазалығына бей-жай қарамай, тазалық шараларына, сенбілік жұмыстарына жанашырлықпен белсене қатысуға шақырамыз!



