БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады

«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысушылар халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алу үшін Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен сайттағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) егжей-тегжейлі таныса алады.
Қор мамандары «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме береді.
Бұдан басқа, бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтарын жауапсыз қалдырмай, қажет болған жағдайда жеке кеңес береді.
Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 20 желтоқсанда Қызылорда қаласы бойынша жергілікті сағат 11:00 (қазақ тілінде) және 15:00 (орыс тілінде) өтеді. Қосымша сұрақтар бойынша 87014829351 ватсап нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!