Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тегін құқықтық көмек көрсетіледі

Тегін құқықтық көмек көрсетіледі

Құрметті Арал қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен іске асырылып жатқан «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» құрылып, өңір халқына тегін құқықтық көмек көрсетуде.
Осы ретте, мобильді топ мүшелері (оның ішінде заңгерлер, мемлекеттік кіріс және әділет, денсаулық және білім салаларының мамандары және т.б.) үстіміздегі жылдың 18 қыркүйек күні Арал қаласының тұрғындарына жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізеді.
Өтетін орны: Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі № 115, «Арал аудандық мәдениет үйі»
Уақыты: 18 қыркүйек, 2024 жыл, сағат 15:00

Ақпарат көзі: Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
18 қыркүйек 2024 ж. 240 0