2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталды
«ҮЕҰ дерекқор базасына» есептік ақпарат ұсыну мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз.ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурстарға қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.Сонымен қатар, ҮЕҰ Дерекқорында тіркелу ұйымдарға үздік жобалармен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Мәліметтер ҮЕҰ өз қызметі жөніндегі ақпаратты ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
«ҮЕҰ дерекқор базасы» ақпараттық жүйесі esep.govtec.kz жаңа цифрлық платформасында жұмысын жалғастыруда.
Жаңартылған платформа бойынша әдістемелік нұсқаулықпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар:
https://esep.govtec.kz/video.mp4
2026 жылы еліміздің үкіметтік емес ұйымдары 2025 жылғы қызметі бойынша есепті жаңартылған esep.govtec.kz платформасы арқылы ұсынатын болады.










