Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кей жерде 44 градусқа дейін күн ысиды: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Кей жерде 44 градусқа дейін күн ысиды: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, Республиканың оңтүстігінде ауа райы ыстық және жауын-шашынсыз болады.

Кәдімгідей жаз айы басталды. Республиканың оңтүстігінде күн ыстық және жауын-шашынсыз болады. Оған Иран аймағынан түсетін жылы ауа себеп болады.
Алдағы үш тәулікте күндізгі температура 30…35°С, кей жерлерде 37…40°С дейін жоғарылайды. Қиыр оңтүстікте плюс 44°С дейін болжанады. Қазақстанның солтүстік жартысында қысқа мерзім ішінде температураның жоғарылап, жауын-шашын тоқтағаннан кейін, Ресейдің Еуропалық территориясының солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронт жылжиды.
Соған байланысты алдағы күндері жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Ауа температурасы төмендейді.
24 маусым 2019 ж. 679 0