Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 21 тамызға арналған ауа райы болжамы

21 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың солтүстік, орталық, шығыс бөлігінде  жаңбыр жауады, солтүстікте кей жерде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Кей жерде найзағай, жел күшеюі,  дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай және  Ақмола облыстарында дауыл күтіледі, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Палодар облысында тұман күтіледі.
Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында,  Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/21-tamyz-a-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy/
21 тамыз 2019 ж. 607 0