Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі, түнде кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. 
Қостанай облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі, түнде және таңертең - тұман. 
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі. 
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде – тұман. 
Жамбыл, түнде Қарағанда облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерінде, Карағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/17-yrk-yekke-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy-/
17 қыркүйек 2019 ж. 703 0