Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жел, тұман, жауын – сәрсенбіге арналған ауа райы

Жел, тұман, жауын – сәрсенбіге арналған ауа райы

Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте дауыл күтіледі.
"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысында жел кей жерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі, күндіз дауыл болады. 
Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, екпіні   23 м/с күшейеді. 
Ақмола, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. 
Жамбыл, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.  
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерінде, Карағанды облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/zhel-t-man-zhauyn-s-rsenbige-arnal-an-aua-rayy-/
18 қыркүйек 2019 ж. 813 0