Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батыстың кей жеріңде қатты жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледы. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, жел күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі.
Ақтөбе облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20, кей жерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерінде бұршақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан жоғары күшеюі күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде 23-28 м/с күшеюі күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, бұршақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, кей жерінде 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Алматы, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі.         
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/19-yrk-yekke-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy/
19 қыркүйек 2019 ж. 867 0