Сағындырған әндерді әуелеткен байқау

Сонау 1970-1990 жылдар аралығында көпшіліктің көңіл пернесін басып, бойын билеген ән әлемінің үздік туындыларын әсірелеп орындаған өнерпаздар саны жиырмадан асты. Барлығы да бойына өнер, көмейіне бұлбұл ұялаған жауһар өнердің жаршылары. Тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, әннен шашу шашқан өнерпаздар арасындағы сайыста бас жүлде «Қызылжар дуэті» Е.Едігеев пен А.Сембаевқа бұйырды. I орындыШөмішкөл елді мекенінен Д.Сейілхан еншіледі. II орындарды Аманөткел елді мекенінен Н.Лайық пен Сексеуіл кентінен Б.Шыназ алса, үш бірдей жүлделі үшінші орындарға құмбазарлық Қ.Қаршыға, Жақсықылыш кентінен Ж.Махамбетова мен ақеспелік Б.Сәтжановтар лайық деп танылды.
А.Аманов.