Димаш Құдайберген коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге ән арнады

Ол дәрігерлерге We Are One ("Біз біргеміз") атты ән шығарған.
"Бүкіл әлем коронавирус эпидемиясымен күресіп, ауыр кезеңді бастап өткізіп жатыр. Сұмдық дертті тек осындай ауыр кезде бір-бірімізге көмектесу арқылып, бірігіп жеңе аламыз. Бұл өлең эпидемиямен күресіп жатқан дәрігерлерге, сондай-ақ, барлық оқшауланған адамға арналады", - делінген видеоның сипаттамасында.
Еске салайық, мұның алдында әнші коронавируспен күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлердің жалақысын өсіруге шақырған еді.