Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирусқа байланысты қай дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Коронавирусқа байланысты қай дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирус пандемиясына байланысты қандай дәрігерлердің жалақысы көтерілетінін айтып берді.
Бұған дейін БАҚ-та коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің жалақысы көтерілетіні туралы ақпарат пайда болған. Алайда, нақты кімдердің жалақысы көтерілетіні айтылмаған еді.
Бүгін "Қазақстан" телеарнасының эфирінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі ведомство басшысының сәйкес бұйрығының мән-жайын түсіндіріп өтті.
Диас Ахметшәріп бүгінде COVID-19 пандемиясына байланысты әлем бойынша ақ халаттыларға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.
"Олар қазір алдыңғы шепте", – деді ол.
Жалақыны көтеру мәселесіне келер болсақ, оның айтуынша, жаңа енгізілім қазіргі уақытта инфекциямен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қатысты болмақ. Оларға жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері, медбикелер мен жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері кіреді.
"Елжан Біртановтың тікелей тапсырмасы бойынша, қолдау бағдарламасы шеңберінде осы кезеңде олардың жалақысы екі-үш есе көтерілді. Бұл инфекциямен күресуге жұмылдырылған қызметкерлерге қатысты", – деп түсіндірді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін дәрігерлер коронавирустан қалай қорғану керектігін айтып берген болатын.
https://kaz.nur.kz/
21 наурыз 2020 ж. 667 0