2020 жылы дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы қаншаға өседі

«Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыру шеңберінде осы жылдың 1 маусымынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Жаңа бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін медициналық қызметтердің тарифтерін өсіру есебінен медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 1-ден 2,5 есе жоғары ету көзделген», - деді Елжан Біртанов Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға, мейірбикелердің жалақысын 20 пайызға ұлғайту ұсыныстары қолдау тапқан.