Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылордалық жас бишілер Лондонда өткен халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды

Қызылордалық жас бишілер Лондонда өткен халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды

Қызылордалық «Самға» би тобы Ұлыбритания астанасы - Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде жеңімпаз атанды.
Фестиваль онлайн түрде ұйымдастырылды. Оған әлемнің көптеген мемлекетінен шығармашыл топтар қатысты. Қызылордалық өнерпаздар қазақтың ұлттық биін орындап, төрешілер тарапынан жоғары баға алды.
Айта кетейік, «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның 50-ден астам белсенді мүшелері әртүрлі жанрдағы хореографияны меңгеріп, мәдени мұраны насихаттауға үлкен септігін тигізуде.
Ұжымның жетекшілері кәсіби хореографтар Жұлдызай Мәуленова мен Ақмарал Алибекованың оқушылардың жан-жақты және шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосып келеді. Балалардың талантын ашуда және ұлттық өнерді жаңғыртудағы еңбектері үшін педагогтар да ұйымдастырушылардың Алғыс хатымен марапатталды. Аталған білім ордасының 11-сынып оқушысы Баян Сарыбаева да Польшада өткен халықаралық фестивалде жеке орындауда «Қыз қиялы» атты би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.
www.kazinform.kz

31 желтоқсан 2020 ж. 596 0