Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » 2022 жылы қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады

2022 жылы қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р. Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым», деп жазды Қ.Тоқаев.
egemen.kz
01 қаңтар 2021 ж. 311 0