Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Төбеңнен құс ұшырмадық: Ата-анасының Димашқа арнаған ақ тілегі жұрттың жүрегін елжіретті

Төбеңнен құс ұшырмадық: Ата-анасының Димашқа арнаған ақ тілегі жұрттың жүрегін елжіретті

Бүгін – есімді әлемді шарлаған дарынды әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Жас болса да, әлемдік сахнаны бағындырған жерлесіміз бүгін жиырма төртінші туған күнін атап өтуде. Бұл орайда ет жақындары менБұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Димаштың ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар желіде Димашқа арнап ақжарма тілектерін білдірді. Айтбаевтардың жантебірентерлік жазбасы көптің көзіне жас келтірді.
“Сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні, ата-анамның “ұлды болдық!” деп шаттанып, ұлан-асыр той жасағаны, қуаныш үстінде “Балапаным! Ата-анамның əлдиісің! Алып ұшқан көңілімнің əн-күйісің!
Шат күлкімен өмірге адым баса ғой! Бақытыңның шектелмесін мөлшері, жүрегімнің кіп-кішкентай бөлшегі!” деп əн арнағаным – күні кешегідей көз алдымда.
Бəріміздің махаббатымызға бөленіп өстің. Əсіресе папамыз бен мамамыздың өзіңе деген сезімі ерекше болатын! Əлі күнге солай – төбеңнен құс ұшырмайды! Мамамыз басыңнан сипап отырып “менің құлыным бойы ұзын, ойы биік, арманы асқақ, жүрегі жұмсақ, мейірімді азамат болып өседі” деп айналып, толғанушы еді.
Сен ақылды азамат боп ержеттің. Өмір – бұралаңды соқпақтардан, даңғыл жолдардан, жабысқақ батпақтардан, мөлдір айдындардан тұратын күрделі əлем. Əр адам өмірге өз терезесінен қарайды. Біреудің терезесі кіршіксіз таза – ол əлемнің бəрін əдемі етіп көреді, ал бір адамдар айналаға жуылмаған кір терезесінен қарайды.
Қандай адамды кезіктірсең де бойынан жақсылық іздеуге тырыс, шаттық сыйлауға тырыс! Бүгін туған күнің! Өмірің мəнді де сəнді болсын! Өзіңді, өнеріңді жақсы көретін ата-ана, бауырларыңның, дос пейілді жандардың, тыңдармандарыңның қуанышы бола бер! Ғұмырың ұзақ, бақытты болсын, Диконым!” – деп жазылған Қанат және Света Айтбаевтардың ресми парақшасында.
Stan.kz
24 мамыр 2018 ж. 1 576 0