Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Азиялық Оскар": Әсел Сәдуақасова үздік актриса атанды

"Азиялық Оскар": Әсел Сәдуақасова үздік актриса атанды

Әсел Сәдуақасова "Ұлболсын" фильміндегі рөлі үшін халықаралық кинофестивальде "Үздік актриса" аталымын жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қуанышты хабарды Әселдің өзі Instagram стористе жеткізді.

"Бұл менің халықаралық фестивальдегі алғашқы жүлдем. Халықаралық былай тұрсын, жалпы алғаш рет үздік актриса атануым. Ең қызығы, мен актриса екенімді ұмытып қала жаздадым. Енді жанама мағынада айтып жатырмын. Себебі киноға түспегелі біраз уақыт болды", – деп қуанышымен бөлісті Сәдуақасова.

"1,5 жыл шыдайсыз": Әсел Сәдуақасова денсаулығындағы ақау жайлы айтты

Әсел 15-ші The Asian Film Awards фестивалінде жүлделі болып отыр. Аталған байқауды "Азиялық Оскар" деп те атайды.

Айта кетейік, "Ұлболсын" кинокартинасының режиссері - Әділхан Ержанов. Продюсері әрі басты рөлді сомдаған - Әсел Сәдуақасова. Картина сюжеті бойынша, Ұлболсын - қалалық қыз. Ауылда тұратын сіңлісі Ажарды оқытуды армандап, қаржы жинайды. Сіңлісін алып кетуге ауылға барғанда оны әлдекімнің ұрлап кеткенін, өзіне тоқал етіп алғысы келетінін біледі. Қайсар да жігерлі қыз сіңлісін мұндай жағдайда қалдырғысы келмейді.

Фильмде сондай-ақ, Берік Айтжанов, Санжар Мәдиев, Динара Сағи, Данияр Алшынов сынды актерлер бой көрсеткен.
10 қыркүйек 2021 ж. 1 148 0