«Жылдың үздік жобасы»: Қызылордада өткен ақындар айтысы күміс жүлдеге ие болды

Алты Алашқа ана атанған Сыр өңірінде сөз сарасын салмақтаған сүлейлердің жалғасы болған, елдің даңқын бір ауыз сөздің құдіретіне сыйдырған ақындар аймағымыздың өнері мен мәдениетін асқақтатып келеді.
Суырыпсалма өнердің саңлақтары сөз сайысында Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген мерейлі жетістіктерін, кемел келешегі мен бағдарлы болашағының бағытын ұшқыр ой, көркем тілмен жырға қосып, халыққа кеңінен насихаттады. Сондай-ақ айтыс аламаны жаңа есімдер, жас ақындармен толықты.
kyzylorda-news.kz