Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Роза Бағланова туралы кітап-альбом шықты

Роза Бағланова туралы кітап-альбом шықты

Елордада өтіп жатқан Eurasian Book Fair-2022 V Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде Роза Бағлановаға арналған кітап-альбомның тұсаукесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет отандық кітап саласын дамытуға, қазақстандық авторларды қолдауға, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді шығаруға ерекше көңіл бөліп келеді. Өздеріңіз білетіндей, биыл аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы мерейтойға «Роза Бағланова» кітап-альбомы дайындалды. Менің ойымша, бұл оқырмандарға қызықты болады», деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кітаптың тұсаукесер рәсімінде. Даңқты әншіге арналған кітап-альбомның 3 мың данасы шығарылған.

Айта кетейік, көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру, әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи ассортиментін ұсыну. Сондай-ақ, кітап шығару мен полиграфия саласындағы жаңа технологияларды таныстырып, әлемдік кітап шығару және баспа индустриясының тәжірибесін зерделеу.
24 сәуір 2022 ж. 1 390 0