Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ӘЛІШЕР КӘРІМОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ АТАНДЫ

ӘЛІШЕР КӘРІМОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ АТАНДЫ

Әнші Әлішер Кәрімов “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” медалімен марапатталды. Бұл туралы әншінің өзі хабарлап, сүйінші сұрады.

“Құрметті қазақстандықтар! Құттықтай берсеңіздер болады. “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” деген атаққа ие болдым! Менің бұл марапатқа ие болғаным сіздердің арқаларыңыз! Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Мәдениет министрі Арыстанбек Мұxамедиұлына үлкен рақмет! Болашақта әлі талай белестерге жетеміз!”, – деп жазды әнші парақшасында.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап ізгі тілегін білдірді. Енді бір топ жас әншілердің бұл марапатқа лайық емес екенін айтып сынады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаевтың, сондай-ақ, Тимур Жақсылықов, Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметовтың да мемлекеттік сыйлыққа ие болғанын хабарлаған едік.
Елбасы қызының бетінен сүйіп тұрып, мемлекеттік сыйлықты табыстады.
14 желтоқсан 2018 ж. 1 747 0