Қайрат Нұртас Денсаулық елшісі атанды

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Нұртастан бөлек Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов, , әнші, кәсіпқой боксшы Ибрагим Ескендір еліміздің ең алғашқы денсаулық елшілері атанды.
«Біз Қазақстанның денсаулық елшісі» дегенді қолға алдық. Сіздер арқылы дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысуды халыққа жеткізгіміз келеді. Біз бұған қатысты 1000 шара өткізуіміз мүмкін. Бірақ сіздердің бір ғана ұсыныстарыңыздың нәтижесі одан артық болады», – дейді Елжан Біртанов.