Өркениеттер бас қосқан алаң
Қазақ елінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шараның маңызы әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Бұл – халықаралық аренада танылған маңызды алаң. Саяси және діни қайраткерлер бас қосатын жер. Түрлі дін өкілдеріне осындай зор мүмкіндікті беріп отырған Қазақстанның басшыларына өркениеттердің басын қосқаны үшін алғыс айтамыз.
Біз Қазақстанның бұдан әрі де дінаралық және өркениетаралық диалогті дамытуға үлесін қоса беретініне сенеміз. Қазір әлем бұрын-соңды болмаған қиындықты бастан кешіп жатыр. Мұнда ең басты міндет – Алла берген адам өмірін қорғау. Еуропада қасиетті Құран кітаптарының өртелуі алаңдауымызға себеп болды. Бұл –сөз бостандығы деген желеумен жасалып отырған жағдай. БҰҰ бұл әрекеттерді сынға алып, наразылығын білдірді. Біз бәріміз осындай арандатушылық істеріне қарсы бірауыздан өз үнімізді білдіруіміз керек. Мен саяси көшбасшылардан әлемді дінаралық қақтығыстардан, қатерлерден құтқаруды сұраймын.
Шейх-уль Ислам Аллахшүкір ПАШАЗАДЕ,
Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz