Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Арқалықта мың домбырашы бір мезетте күй орындады

Арқалықта мың домбырашы бір мезетте күй орындады

Қаладағы рухани кеш Арқалықтың 70 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне арналды.

Арқалық қаласының 70 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне орай «Күй құдіреті – домбыра мен қобыз!» атты рухани кеш өтті.

Мәдени шараның басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыка өнерін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтау болды.

Кеш барысында домбыра мен қобыздың қоңыр үні шырқалып, көрермендерге халқымыздың бай рухани мұрасы кеңінен таныстырылды. Дәстүрлі күйлер мен ұлттық әуендер орындалып, жиналған жұртқа ерекше әсер сыйлады.

Мерекелік бағдарламаның ең әсерлі сәттерінің бірі – мың домбырашының бір мезетте күй орындауы болды. Арқалық аспанын күмбірлеген күй тербеп, көпшілік ұлттық өнердің құдіретін тағы бір мәрте сезінді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тағылымды шаралар ұлттық мәдениетті насихаттап, жастардың дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын арттыруға және рухани мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Рухани кешке қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, домбыра мен қобыздың қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызын айшықтайтын әсерлі концерттік бағдарламаны тамашалады.

Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: baq.kz
06 шілде 2026 ж. 32 0