Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жүректегі астанам

Жүректегі астанам

Сөндірмеген кіші Аралдың жанарын,
Құт дарыған, кенге толы алабың.
Әз анамдай аңсай жүрем қашанда,
Сенің ыстық құшағыңды Аралым.
Бой көтерген нысандарың қаншама,
Өрендеуде өндірістер сан-сала.
Соның бірі бой көтерген вокзалы,
Құтты болсын, айтам бүгін баршаңа.
Арал ие өркендеген санатқа,
Жаңару көп аты әйгілі алапта.
Жаңа вокзал тұмарындай Аралдың,
Көзқуаныш келген, кеткен қонаққа.
Мен қуанбай, қалай ғана басбағам,
Тула жүрек, шырқа бүгін асқақ ән.
Анамда сен, Данамда сен, Абызым,
Сенсің Арал жүректегі Астанам.

О.БАЗАРАЛЫ
22 қыркүйек 2026 ж. 52 0