Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Алматының мәдени өмірінің бренді". The Spirit of Tengri басталуына санаулы күндер қалды

"Алматының мәдени өмірінің бренді". The Spirit of Tengri басталуына санаулы күндер қалды

Алматыда осы демалыста өтетін Заманауи этникалық The Spirit of Tengri 2019 халықаралық фестиваліне дайындық қызу жүріп жатыр Алматының Мәдениет басқармасы жанындағығы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Айнұр Баженова фестивальдің бірегейлігі мен өзгешелігін атай отырып, іс-шараның қаланың және еліміздің мәдени өміріндегі рөлі жайлы айтып берді. Әлемнің 16 елінен 70-тен аса музыкант Алматыда өтетін The Spirit of Tengri 2019 заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады. Фестиваль 25-26 мамырда Республика сарайының (Абай - Достық) алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерт 17:00-де басталады, кіру - тегін. Музыкалық шоу Жастар жылын атап өту аясында Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өтеді."Алматы - Қазақстанның мәдени астанасы: мұнда жылына 200-ден аса іс-шара өтеді - фестивальдер мен мерекелік іс-шаралар. Олардың ішінде бренд болып кеткен шаралар бар. The Spirit of Tengri - біздің қаламыздың мәдени өмірінің бренді. Шоу өзінің масштабымен, ұйымдастырылу сапасымен және қатысушыларымен тамсандырады. Қала тұрғындары жыл сайын бұл фестивальді күтеді, фестивальдің өзінің көрермені бар", - дейді Айнұр Баженова.
"The Spirit of Tengri фестивалі - сапалы әрі жанды дауыс, түрлі қатысушылар, түркі тілдес елдердің музыкаларының алуандығы. Фестивальдің арқасында қазақстандық көрермен жыл сайын түрлі елдердің музыканттарын көре алады. Бұл шоу барлығын біріктіреді. Өзгермейтіні - музыканттардың кәсіпқойлығы мен әндердің ең жоғары деңгейде орындалуы", - дейді қалалық мәдениет басқармасының қызметкері.
"Сондай-ақ, The Spirit of Tengri фестивалінің қала тұрғындары үшін қолжетімді екенін және жоба ұйымдастырушыларының кәсіпқойлығын атап өткім келеді. Өте ыңғалы алаң таңдап алынған, онда кез келген адам бара алады. Ұйымдастырылуы да жақсы: кіреберіс, сахна, жәрмеңке, тамақтанатын алаң. Мұнда жақсы көңіл көтеру үшін барлығы жасалған. Фестивальдің атмосферасы да күшті", - дейді Айнұр Баженова.
"Биыл The Spirit of Tengri фествиалі Жастар жылын атап өту аясында өтіп жатыр. Осы жобаның арқасында қазақстандық жастар этномузыка, көшпелі халықтардың және өз елінің мәдениеті жайлы біле алады. Осы жылы фестиваль 25-26 мамырда өтеді. Барлығыңызды шоуға шақырамыз! Сіздерді этноаспаптарда орындалған музыка мен таңғажайып шоу және жанды дауыс күтеді", - деді Айнұр Баженова. "Бұл Қазақстанның үздік фестивалі". The Spirit of Tengri басталуына 5 күн қалды
Мұның алдында фестивальға Ethno5 және Ashina тобы, әзірбайжандық Natig Rhythm Group тобы, үндінің The Raghu Dixit Project тобы, тывалық Радик Тюлюш, Svjata Vatra эстон-украин тобы, мажарлардың Kerekes Band тобы, сондай-ақ, мозамбиктің Childo Tomas ұжымы өнер көрсететіні анықталған еді.  Кейінірек Alash Media Group медиахолдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев 2029 жылы бұл жобаның қалай өтетінін айтып берген болатын.  Фестиваль қолдаушысы - Tez Tour Kazakhstan туроператоры, ал KZ Sound компаниясы техникалық қолдау көрсетеді. Фестивальдің ресми суы ‑ Samal. Қонақтарды Salben Club кешені күтіп алады. The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасын 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясы құрған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер - ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән. Жыл сайын The Spirit of Tengri сахнасына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал әртістер шығады. Фестиваль өтіп келе жатқан уақыттан бері 80-нен аса елдің белгілі музыканттары мен ұжымдары қатысып шықты. Фестиваль командасы отбасы мерекесінің ерекше атмосферасын туғызып, онда Алматы тұрғындары мен қонақтары асқан қызығушылықпен жиналады. Олар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын тамашалап, киім, музыкалық аспап және ескерткіштер сатып ала алады. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады. Алдыңғы жылдары фестивальді Kaspi.kz пен Magnum Cash & Carry қолдаған болатын.
https://kaz.tengrinews.kz
21 мамыр 2019 ж. 718 0