Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Қай жылғы сурет?" - Отандық жұлдыздар мектеп кезінде қандай болды

"Қай жылғы сурет?" - Отандық жұлдыздар мектеп кезінде қандай болды

Білім күніне орай tengrinews.kz тілшісі халық алдында жүретін өнер адамдарының мектеп жасындағы суреттерін ұсынады. 

Төреғали Төреәлі
Бұл әншінің бірінші сыныпты бітірген кезіндегі суреті көрінеді. "Бірінші сыныпты беспен бітірдім ғой мен", - деп жазба қалдырған екен әнші. 

Аша Матай
Аша Матай лақап атымен танымал болған Ақбота Асқарбекова Алматы қаласында заңгерлер отбасында дүниеге келген. Қазақстандық тележүргізуші әрі актриса шығармашылық жолын 2008 жылы HitTV арнасынан бастаған.

Мейрамбек Беспаев
Әнші бала кезінде футболға қызығып өскен екен. Есейгенде дәрігер болуды армандапты. Алайда өнерге деген құштарлығы басым болған.

Жания Джуринская
Жанияның айтуынша, бала кезінде ол өте ерке әрі бұзық қыз болған.  "Сүйкімді әрі ерке қыз. Бұзық қыз екенімді көзімнен бірден білуге болады. Бірақ өте ұялшақ болатынмын", - дейді Жания.

Ернар Айдар
"Ол кезде ауди xит еді, бір естелік болсын дегем ғой", - деп балалық шағындағы суретімен бөліскен екен әнші.

Қарақат Әбілдина
"Шамамен 5-6 жасар. Қарақат. Бұл Алматы қаласында түскен тамаша естелік фотосурет", - дейді әнші. 
Ақан Сатаев
"Шамамен бастауыш сынып оқып жүрген кезім. Ол кездегі ұран "Оқы, оқы және оқы" болатын. Барша оқушылар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын", - дейді режиссер.

Мадина Сәдуақасова
"Қызылордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы №4 орта мектебінің оқушылары", - деп балалық шағындағы суретімен бөліскен екен әнші. 

Нұрлан Қоянбаев
Продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаев соңғы кездері кино бағытында бірталай жемісті картиналар түсіріп жүр. Нұрлан да парақшасында балалық шағынан естелік сурет бөліскен екен.

Дильназ Ахмадиева
Әнші өнерпаздар отбасында дүниеге келген. Тіпті төрт жасында "Волшебное яблоко" фильміне түскен екен. Әнші мектеп кезінде өнер мен білімді қатар алып жүрген.

Серік Ибрагимов
Серік Ибрагимов те әлеуметтік желідегі парақшасында бала кезіндегі суретін жариялап, оқырмандарынан "Қай жылғы сурет деп ойлайсыздар?" деп сұраған.

Баян Мақсатқызы
Продюсердің айтуынша, ата-анасы оның мұғалім болғанын қалаған. Алайда Баян Мақсатқызы әртіс болатынын бірден сезген екен. 

Айбек (Бүркіт) Жансейітов
Әнші өзінің парақшасында әкесімен бірге түскен балалық шағындағы суретімен бөліскен.

Жұлдыз Абдукаримова
Бұл суретте әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыздың бірінші сынып оқып жүрген кезі екен. 

Айқын Төлепберген
SuperStar KZ жобасы арқылы танылған жұлдыздардың бірі Айқын Төлепберген мектеп кезіндегі суретін жариялап, сипаттамасына "15-тегі жігіт" деп жазба қалдырыпты.

Ләйлә Сұлтанқызы
"Тілің қандай тастай?! Жоғааа, ұстап қара жұп-жұмсақ, деп жүрген кездер ғой. "Менің салы шалым қайдаааа?!" деп, р-ды айта алмай, шарды таппай жылап", - деп естелігімен бөліскен екен тележүргізуші. 

Димаш Құдайберген
Жұлдызды жолы Қытайдағы I am a Singer жобасынан басталған әнші бала кезіндегі суреттерімен бөліскен. 

Жұлдыз Өмірғали
"Бұл сурет 2001 жылы "Менің алғашқы ұстазым" альбомы үшін жасалған. Сол кезде апам маған суретке түсетінімізді ескертпегенім үшін ұрысқаны есімде", - дейді әнші.

Сәкен Майғазиев
Сәкен Майғазиев бала кезінен әнші болуды армандаған екен. 1993 жылы Темірбек Жүргенов атындағы эстрада-цирк колледжіне түскен. 1997 жылы оқу орнын сәтті аяқтаған. 

Әсел Сәдуақасова
Өнер жолын "Дауыс International" тобынан бастаған әнші әрі актриса қазіргі уақытта түрлі жанрдағы фильмдер түсіріп жүр. 
Суреттер жұлдыздардың Instagram-парақшаларынан алынды.
03 қыркүйек 2019 ж. 2 492 0