Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Актер Жүсіп Ақшора сахнаға ішімдік ішіп шыққан кезі болғанын мойындады

Актер Жүсіп Ақшора сахнаға ішімдік ішіп шыққан кезі болғанын мойындады

Актер Жүсіп Ақшора сахнаға ішімдік ішіп шыққан кезі болғанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап.

Талайлардың жүрегінен жарасымды әзілімен орын алған актер Жүсіп Ақшора құпиясымен бөлісіп, өнер иесінің сахнаға қалай шығу керек екенін айтты. Өзі өмірде ішімдік ішсе де, сахнаға ішіп шығуға болмайтынын айтты ол. Өзіңді өзің басқара алмай, халыққа күлкі боласың дейді Жүсіп Ақшора. Актер осылайша көрерменге сыйластық таныту керек екенін түсіндірген. 
"Ішпедік деп айта алмаймын, іштік қой. Бірақ сахнаға ішіп шығуға болмайды. Той-томалақта, достарыңмен кездескенде болады. Сахнаға ішіп шығуға болмайды, өйткені жинақылығыңнан айырылып қаласың. Бір әңгімең екіншісіне үйлеспей, халық мынадан қашан құтыламыз деп отытарды", - дейді Жүсіп Ақшора. 
Өзі де бірнеше рет сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындаған ол, бастан өткеннен кейін бұлай жасаудың дұрыс емес екенін түсіндік деп отыр. Әзілің орынды болсын, халықтың жүрегіне ұяласын десең саханаға ішімдік ішпей шыққаның дұрыс дейді актер. 
"Сенде жылдамдық болмайды. Нақты нәрселерді айтып, әңгімені үйлестіре алмай қаласың. "Ақсақ қой түстен кейін маңырайды" деп, айтар сөзіңді кешігіп жеткізетін болсаң, өтпей қалады. Талай тексеріп көргенбіз ғой. Бастан өткен, олай істеуге болмайтынын білгенбіз ғой", - дейді Жүсіп Ақшора.

https://stan.kz/kazir-kydaydin-zhanindamin-aktrisa-sholpan-elgezekovanin-olim-aldinda-zhazgan-songi-hati-tabildi-322094/  

19 қыркүйек 2019 ж. 2 211 0