Халықты алдаудың керегі жоқ: Жанар Хамитова продюсерімен жұмысын тоқтатады

Екі тараптың келісімі бойынша Сиви Махмұди мен Жанар Хамитова осындай шешімге келген. Болашақты болжамауды дұрыс көрген құрбылар тіпті арнайы келісім-шартқа да қол қоймаған. Өйткені Жанар Хамитова әлі де болса сахнадан жүрексінетін көрінеді.
"Күнде күйеуіммен айырылысып жатқан жопын. Кішкене депрессия бар. Күш-қуат жинауым керек. Біз Сивимен доспыз. Бізде келісім-шарт болған жоқ. Сиви екеуіміз күнде ертеңді болжамай-ақ қоялық, не боларын білмейміз деп айтатын едік. Екі тараптың шешімі. Өйткені мен микрафон ұстап, сахнаға шығудан қорқамын. Неге екенін білмеймін. 11 жыл сахнаға шықпағандықтан ба, қобалжу бар", - дейді Жанар Хамитова.