"Мен үйдің адамымын": Хамитова жұлдызды өмірімен қош айтыспақ

Ал сахнаға оралуына септігін тигізген досы Әбубәкір екеуінің қазіргі қатынасы ойдағыдай. Жалғызсырап жүрген Жанар Хамитова отбасын қатты сағынғанын жеткізді. Сонымен қатар, денсаулығын қалпына келтіру үшін уақыт керек екенін айтты.
"Әбубәкірмен біз күшті қарым қатынастамыз. Телефон шалып, ұят болып қалды дейді. Әбу өзінің жеке әнін жазып, бейнебаян түсірсе. Мен бейнебаянға түсуге ұяламын. Халықтан, Әбубәкірден ұят. Шығармашылық, сахна, өнер жолы қыз балаға өте ауыр. Қазір жалғыз қалғанымды білесіздер. Басы қатты, соңы тәтті болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда денсаулығымды ретке келтіру керек. Жүйкем шынымен тозды", - дейді Жанар Хамитова.