Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылордада қолөнер шеберлерімен кездесу өтті

Қызылордада қолөнер шеберлерімен кездесу өтті

Қызылордада «Ұлы Дала елі» тақырыбында қолөнер шеберлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды  inform.kz
Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру бойынша қолға алынып отыр.
Кездесу шарасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Дәстүрлі өнер институты «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шараға Дәстүрлі өнер институтының «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Әлима Әбдіқалықова, ҚР қолөнершілер Одағының мүшелері Жәнібек Маханбет, кәдесый, ағаш шебері Пахраддин Садықов Пахраддин Шәмшіұлы, біз кесте, басқұр, шашақ бау, тақыр, түкті кілем шебері Бақыткүл Райымбаева, Мырзабек Қаныбаев, кәдесый, сүйек, мүйіз, ағаш шебері Мұрат Жәрімбетов қатысты.
Іс-шара барысында келген қонақтардың құрметіне «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының студенттері арнау жыр-термелерін айтты. Ал жоғары оқу орны жанындағы «Дидар» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамблі және «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі А.Т.Жүнісова сән шеруін жасап шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Бұдан бұрын Қызылордада музейде жастармен кездесу өткізілді.
28 қазан 2019 ж. 946 0