Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Имамдарға тұрақты жалақы тағайындалса...

Имамдарға тұрақты жалақы тағайындалса...

Мұндай ұсынысты ҚМДБ бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз елордада өтіп жатқан Қазақстан Дінтаушыларының ІХ форумы барысында айтты. baq.kz

Қоғамның ағартушы бөлігіне айналып отырған имамдардың тынымсыз еңбегін ескеріп, оларды да әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасалса деген ұсынысымыз бар. Әсіресе, жүзге жуық түзеу мекемелерінде жұмыс жасайтын дін қызметкерлеріне Бұл адам тағдырына жауапкершілікпен қарап, есеп үшін емес елің игілігі үшін қызмет етіп жүрген дін қызметкеріне деген қамқорлық, жұмысына берілген әділ баға болар еді, - деді бас мүфти.
Сонымен қатар, бас мүфти елімізде ақсақалдар институтының рөлінің маңызын күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша қазақ халқы қашанда қариясының дуалы сөзіне қарсы уәж айтпаған. Жастарға қой деп қожа бола білетін ақсақалдарымыз жат ағымға кеткен жандарға жөн сілтер еді.
Осы бағытта өңірлердегі болыстық мешіт жанындағы ақсақалдар алқасы мен  ауыл, аудандардағы билер кеңесі үлкен құрал бола алады деп ойлаймын, - деді Серікбай қажы Ораз.
 
06 қараша 2019 ж. 997 0