Шығыс ғұламаларының еңбек туралы ой орамдары

Еңбек ізсіз қалмайды М.Қашқари
Бос жүрме, Босқа жүгірме Ж.Баласағұни
Есік баққанша - нәсіп бақ. Ж.Баласағұни
Істі дер кезінде орында: кешіккен іс оңбайды. Рашид-әд-дин
Егілмей - өнбес, тілемей – болмас. М.Қашқари
Бүгінгі істі ертеңге қалдырғанның ісі бітпейді Әбілғазы
Әр істі өз мезгілінде істеу керек, мезгілімен істелмеген іс құнтсыз. Бабыр
Бейнет көрмеген зейнет көрмейді С.Сарай
Дем алу (тынығу) үшін еңбек етіп алу керек. Құтып
He істесең де ықтият бол Ж.Баласағұни
Жүріп кетсең - жетерсің, Тұрып қалсаң - тынарсың С.Сарай
Ерте тұрып, кеш жат - ұйқың қанады, Ерте тұрған ердің бағы жанады. Ж.Баласағұни