Еңбек кітапша электронды форматқа ауысты
Енді еңбек өтілі туралы ақпаратты «электронды үкімет» сайты арқылы алуға болады деп хабарлайды aikyn.kz
Азаматтардың eGov.kz сайтындағы жеке аккаунттарында «еңбек қызметі» деген жаңа бөлім пайда болды.
Кез келген қазақстандық өзі жасаған еңбек шарттарын онлайн режимде порталдағы жеке кабинетінде көре алады.
Портал еңбек қызметі туралы қажетті ақпаратты «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алады. Өз кезегінде бұл жүйе еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен деректер алады.
Еңбек қызметі туралы мәліметті тек тіркелсе ғана ала алады. Яғни «электрондық үкімет» сайтында жеке кабинеттің болуы қажет.