Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыз

Сол кезде шайқы Ыбырайымның ұлы Қожа Ахметтің әлі кішкентай болғандығы үшін [керемет көрсетуге] қатыспағаны жеткізіледі. Дереу Сайрамға адам жіберіп, шақыртып алады. Бала әпкесімен кеңеседі. Әпкесі: «Әкеміздің өсиеті бар. Сенің ортаға шығатын уақытыңның келіп-келмегенін білдіретін нәрсе — әкемнің мазарындағы байлаулы тұрған дастархан. Егер оны ашуға құдіретің жетсе, бар, бағыңды сынап көр! Сол кезде белгілі болар», — дейді.
Бала содан кейін мазарға барып, дастарханды ашады. Сөйтіп, ортаға шығатын уақытының жеткеніне көзі жетеді. Дереу дастарханды алып Ясы қаласына келеді. Барлық әулиелер сол жерде дайын боп тұрады. Дастарханындағы бір тілім нанды дуалайды. Мұны қабыл етіп фатиха оқиды. Сөйтіп, нанды жиналғандарға бөліп береді. Барлығына жетеді. Әулиелерден және падишаһтың әмірлері мен әскерлерінен тоқсан тоғыз мың адам сақадай сай тұрады. Олар бұл кереметті көргенде, Қожа Ахмет Ясауидің ұлылығына бас иеді. Қожа Ахмет әкесінің бешпентін киіп, әкесінің батасының соңын күтіп отырады. Сол кезде кенеттен көк жүзінен сел ағып, жер атаулы судың астында қалады. Шай-
қылардың жайнамаздары толқын үстінде қалқиды. Сол себептен бәрі айқайлап-шулап жалбарына бастайды. Қожа Ахмет бешпенттен басын шығарады. Кенеттен дауыл тоқтай қалады да, күн жарқырап шығады. Тау жаққа қараған кез- де Қарашық тауының жым-жылас жоқ боп кеткенін көреді. Қазір ол тау орнында Қарашық деген қалашық бар. Ол жер — Қожаның ұрпақтарының мекені және отаны. Бұл кереметті көрген билеуші Ясауи атының, есімінің қияметке дейін жиһанда мәңгі бақи қалуы үшін Қожадан жәрдем сұрайды. Қожа бұл тілекті қабыл алып: «Әлемде кім бізді жақсы көрсе, сенің атыңмен бірге еске алсын!» — дейді. Міне, осыған байланысты сол күннен бері «Қожа Ахмет
Ясауи» деп еске алынатын болды.