Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аида Балаева: Салалық журналистиканы дамыту керек

Аида Балаева: Салалық журналистиканы дамыту керек

Салалық журналистиканы дамытып, кадр даярлау жүйесін қайта қарау керек. Өйткені елде экономика, медицина, қаржы сияқты күрделі тақырыптарда жаза алатын білікті журналист тапшы.
БАҚ саласын дамыту мәселеріне арналған дөңгелек үстелде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балева осылай деді.
Нақты бір саланы меңгерген тілшінің аздығынан ақпарат та толық берілмейді. Кадр мәселесінде жасампаз жол іздеп, деңгейін көтеру маңызды.
Министр бұл проблеманы шешу үшін ұлттық жоспар аясында құрылатын мультимедиялық білім беру тұғырнамасының рөлін баса айтты. Оның ішінде жас мамандарға арналған гранттық бағдарламаларды ерекше атады. Оны әзірлеуге журналистика және білім беру саласының жетекші сарапшы-мамандары тартылады. Сондай-ақ министр пандемия кезінде аянбай еңбек еткен журналистер қауымына алғысын білдірді.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Біз тек адам емес, қоғам тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ең бастысы, біздің материалдарымызда, ағымдағы ақпаратпен қатар елдің өркендеуіне, ойдың кемелденуіне адамның рухани дүниесін дұрыс дүниемен толтыруға а салысуымыз керек. Қиын қыстау тұста біздің журналистеріміз де дәрігерлер мен полицейлер және әскерилермен қатар өз азаматтық позицияларынан айнымай, қауіптің алғашқы шебінде жүрді. Халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды. Жасыратыны жоқ, журналистерге қосымша қауіпсіздік шаралары жасалмаса да, тілшілер қауымы мен қаншама техникалық қызметкерлер өз кәсібіне адал еңбек етті.
05 маусым 2020 ж. 835 0