Тұңғыш редактор
Асылы, әке туралы ой сабақтау оңай болмаса керек. Жақсы жақтарын қоюлатып жіберсең де, кемшін тұстарын айтсаң да, оқырман сын тұрғысынан қабылдауға әзір тұрады. Десек те қазақ әдебиетінде Шоқанның – Абылай, Тұрағұлдың – Абай туралы жазған естеліктері бар.
Әуелбек Қоңыратбаев – кешегі Кеңес қоғамына бір кісідей еңбек еткен қарапайым жандардың бірі. «Тұлпармын, сұңқармын» деп бақ таластырған сәттерін естіген кісілерді де кездестіргенім жоқ. Сексен жастан аса ғұмыр кешіп (10.09.1905 - 27.01.1986), қазақ әдебиеті мен ғылымына қалтқысыз қызмет етті. Жас кезінде проза, поэзия жазды, республикамызда шығыстану, түркітану ғылымдарының негізін қалап, әдебиет тарихы мен әдеби сын саласында көпке танылған ғалымдардың бірі болды. Қаламгер-ұстаздың қарапайым адал еңбегін замандастары, Кеңес үкіметі де елеусіз қалдырмады. Бірқатар медальдарын айтпағанда, 1961 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының шешімімен «Құрмет белгісі» орденімен марапатталуы соның бір көрінісі іспетті.
Әуелбек Қоңыратбаев есімі республика көлеміндегі барлық энциклопедиялық анықтамалықтарға еніп келеді. Солардың барлығында дерлік ғылымға сіңірген еңбегі баса айтылып, партия, совет мекемелері, баспасөз орындарындағы қызметі тасада қалып жүр. Дұрысында, оның алғашқы ізденістері журналистика саласымен байланысты. Алғашқы өлеңдері 1921 жылы «Ақ жол» газетінің бетінде жарық көргенде, Ә.Қоңыратбаев небәрі 16 жаста екен. Одан бергі жерде жас талапкер «Жас қайрат», «Әйел теңдігі», «Ақ жол» беттерінде ондаған өлеңдерін бастырған. 1920-1925 жылдары Ташкенттегі Қазақ-қырғыз ағарту институтында оқып, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов сияқты алаш ардақтыларынан дәріс алған. 1925 жылы оқуды аяқтаған жас маманды республикамыздың жаңа астанасы Қызылордаға жіберіп, бірер жыл Қарақалпақ АССР-іне қарасты совпартшколда лектор болған.
1927-1928 жылдары Ә.Қоңыратбаев партия, совет органдарында жауапты қызметтер атқарып, қалалық атқару кеңесінің 1928 жылғы 1 сәуірдегі шешімімен Қызылорда уездік атқару комитетінің жауапты хатшысы болып сайланған. Бірер жылдан соң қайтадан журналистік қызметке оралып, Қазақ өлкелік партия комитетінің (Казкрайком) органы «Еңбекші қазақ» газетінде социалистік құрылыс, Ж.Тілепбергенов басқарған «Сыр бойы» газетінде әдебиет бөлімін басқарған. Сол қызметінде жүргенінде 1930 жылы Казкрайком шешімімен Арал аудандық «Балықшылар» газетіне жауапты редактор болып тағайындалған.
Оқуды жаңа аяқтаған 25 жасар жас маман үшін не баспаханасы жоқ, журналист мамандарды айтпағанда дұрыс корректоры жоқ аудан орталығынан газет ашудың оңай болмағаны түсінікті. Бірақ республикалық партия ұйымы сеніп тапсырған соң шұғыл іске кірісіп кеткен. Өз естеліктерінде Ә.Қоңыратбаев осы қиыншылықтардың бәрін аз уақыттың ішінде шешіп, Қызылордадан баспахана станоктарын, терушілер мен корректорларды тауып, газет жұмысын жолға қойғанын жазады. Казкрайкомның шешімінде «Балықшылар» деп көрсетілсе де, газет «Екпінді балықшы» деген атпен шыққан. Одан Арал аймағын мекендеген елдің тыныс-тіршілігі көрініс беріп отырған.
Әкемнің жеке архивінде «Екпінді балықшы» мен «Толқын» газетінің бірнеше юбилейлік нөмірлері сақталған. Солардың барлығында дерлік естеліктері жарияланған. Баспасөз бетінде бір ауданның идеологиясын жүргізген Ә.Қоңыратбаевты аралдықтар әрбір 10 жылда еске алып тұрады. Мұны кеңес заманынан келе жатқан үрдіс десек те болады.
Сыр елі ғалым-қаламгердің есімін есте қалдыру жағын ұмытқан емес. Егемендік кезеңде еске ала қойғандар болмаса да, Қызылорда қаласы мен Шиелі аудандарында Ә.Қоңыратбаев атындағы көшелер кеңес заманынан бері бар. Осы тұста аудандық басылымды алғаш ұйымдастырған редактор ретінде Арал ауданынан да бір көше беріліп жатса, көпшілік бұл қалай демес еді-ау деген ой да қылаң береді...
Әкем көп қиыншылық көрген жан. 20-30-жылдары қазақ руханиятының биігіне ағайынды Қалжан, Әуелбек, Әлібек болып көтерілген Қоңыратбаевтардың қай-қайсысы да осал болмаған. Қалжекең елде халық соты, Әуелбек Казкрайкомда баспасөз секторын меңгеріп, Әлібек Жазушылар одағының хатшысы болып тұрғанда 30-жылдары ағасы мен інісі «халық жауы» ретінде тұтқындалып, жазықсыз жазаланған. Бұл саяси оқиғалардың оның кейінгі тағдырына әсер еткені анық. Қуғын-сүргін жылдары алғашқы жұбайы мен бес баласының қайтыс болғанын көпшілік біле бермейді, өзі де айта бермейтін. 30-жылдарғы республикалық баспасөз беттерін парақтап көрсеңіз, олардың не себепті ұсталғандары анық та ашық жазылған. Қалжан – Сырдария алашордасының мүшесі, М.Шоқай басқарған «Бірлік туы», А.Байтұрсынов, М.Дулатов редакторлық еткен «Қазақ», «Айқап», «Қазақстан» басылымдарының тілшісі, кейін ТүркЦИК (1924), ҚазЦИК (1925) мүшесі, халық соты болған. 1925 жылы біріккен Қазақстан жасау кезінде ҚазЦИК мүшесі болып сайланып, С.Қожановтармен қатар жүріп тұтас Қазақстанның аяғынан тік тұруына үлес қосқан қоғам қайраткері. Жазушы Әлібек 1935 жылы Міржақып Дулатовтың жалғыз қызы Гүлнарға қосылып, құрулы тұрған қақпанға аяғын тығып алған. Кейін заман түзелген кезде әкем ағаінісінің тағдырын өз анасының атынан сұрастырып отырған. Бірақ ол кезде шындықты білу мүмкін болмаған еді. Бір Әлібектің тағдыры туралы үш түрлі мәлімет жинақталған. Алғаш 1946 жылы лагерьде асқазан жарасынан қайтыс болды десе, 1955 жылы Түркістан Әскери округінен жазықсыз жазаланғаны туралы ақпарат келген. 1989 жылы сол ТуркВО Әлібектің ісәрекеттерінде ешқандай қылмыстың ізі жоқ деген анықтама жіберген.
Әкем 1937-1938 жылғы оқиғаларды «антисоветизм» деп өтті. Оны жеке отырғанда, оңашада сыбырлап қана айтатын. Үш әріптер антенна қойып тыңдайды деп отырушы еді. Өзі партия, кеңес істеріне барынша берілген, барынша таза адам болатын. Бір адамға жасаған қиянаты жоқ. 1948 жылы партияның «Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы» (21.01.1947) қаулысының негізінде Алматыдан Қызылордаға жер ауып келген «пантюркист», «панисламист» Ә.Қоңыратбаевты 1951 жылы Кенесары дауы туғанда Қызылорда педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттері обкомның айтағымен жалпы жиналысқа салып, «Наурызбай – Қаншайым» поэмасы туралы зерттеуінен саяси қателіктер іздегені баспасөз беттерінде сайрап жатыр. 1953 жылы Сталин өлген соң жағдай түзеліп, Ә.Қоңыратбаев пединститутқа қайта келгенде әлгі студенттер әкемнің алдын көре алмай қашқақтап жүріпті. Сонда әкем старостасын шақырып алып: «Болар іс болды, енді сабақтарына қатысып, оқысын, осыны бәріне жеткіз» деген екен. Оларға қатысты ешқандай кек сақтамаған.
Расында, әкем етек-жеңі мол, арқасын кеңге салған ақкөңіл кісі болатын. Бірақ ашуы да жоқ емес. Бірде сессия кезінде Аралдан келген сырттай бөлім студенті үйге қағазға ораған қаязды тастап кетіпті. Институттан келген бойда әкем әлгі студентті тауып, балығын қолына ұстатып жібергені есімде. Оқуға бала түсіру, әрбір ісінен жеке басының пайдасын іздеу сияқты майда психологиядан бүтіндей аман болатын. Сондықтан болар, ғалым ре - тінде қалыптасып, М.Әуезов, С.Мұқановпен бірге академиялық ғылымның негізін қалаған әкемді қызылордалықтардың бәрі бірдей түсіне бермеген.
Әкем соңғы күндеріне дейін қаламын қолынан тастаған емес. «Ленин жолы», түрлі республикалық газет-журнал беттерінде көптеген проблемалық мақалалары жарық көріп тұрды. Соңғы демі біткенше ғылымнан да қол үзген емес.
Әкеміздің жұмыс стилі, түн ортасында тұрып алып жазу жазуы біздерге әсер етпей қоймады. 6-7 жасымнан бастап «Қазақ ертегілері» атты қос томдықты (бірі көк, екіншісі қоңыр мұқабалы) қолымызға ұстатып, толық оқып шығыңдар деген. Ол екі кітап 1-2 сыныптың еншісінде қалды. Кезек 1957 жылдары жеке-жеке шыққан батырлар жырларына келіп, олар да әрі кетсе бастауыш сыныпта оқылып болды. Мектепте көркем әдебиетке ден қоя бастадым. Сол жылдары қолға түскен Қ.Әбдіқадыров аударған «Мың бір түннің» төрт томдығы мен«Сандбадтың жеті сапары» болды. Дымын қоймай оқып тастадым. Одан соң қазақ классиктерінің біраз шығармаларын түгендедім. Оқылады, бірақ ауырлау, Сырдарияның иірімдері секілді тартып әкетпейді. 6-сыныпта әкемнің кітапханасынан Жюль Верннің 12 томдығын көріп, шетінен оқып көрмек болдым. Сол-ақ екен, «Дети капитана Гранта», «Пятьнадцатилетний капитан» сияқты хикаяттардың тұтқынына түстім де, қазақ авторларын оқудан қалдым. «Дети капитана Грантаны» бас алмастан бірнеше күнде бітіріп, кейін тағы оқығаным есімде. Одан әрі кітап оқу «Робинзон Крузо», «Шерлок Холмс» хикаяттарына ауыса берді. Бала күнімізде бұл кітаптарды табу өте қиын еді. Мектеп бағдарламасының аясында қазақ қаламгерлерінің біраз шығармаларын оқыдым. Солардың қатарында қызыға оқыған, мені тартып әкеткен шығармалар көп емес. Ондай туындылардың қатарында Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық, мол жылдар», І.Есенберлиннің «Көшпенділерін» атауға болар еді.
Әлемдік әдебиеттің маржандарын оқыған соң өз жерлестеріміздің қолдан оқиға өрбітіп, оған түрлі иірімдер қосып ұсынған «эксперименттерін» оқуға зауқым көп бармады. Авторлар оқырманның көз майын да аяу керек қой.
Мектепте жүргенде поэзияны да көп оқыдым. Қара өлең үлгісімен талай хат та жазылды. Бірақ қазақ ақындарының махаббат лирикасы да көп тарта қоймады. 60-70-жылдары ерінбеген ақын болды. Саусақпен санарлықтайы болмаса, солардың көбісі кейін поэзия жанрынан кетіп қалды. «Өлеңді кім жазбайды, ол ет пен терінің арасындағы жел» деген сөзді қазақ тілі мен әдебиетінен беретін ұстазымыздан естіп өстік. Сондықтан болар маған қазақ поэзиясынан гөрі «Сижу за решеткой в темнице сырой, Вскормленный в неволе орел молодой» деген жолдар тереңірек әсер етті. Соңғы жолды «вскормленный неволей орел молодой» деп айтушы едім. Орыс тілінің мұғалімі түзетсе, пікір таластыратынмын. Соңғы жолдар маған образды болып көрінетін.
Мені ерекше қызықтырған қазақ фольклоры, соның ішінде эпостық жырлар болды. Бізде бұл мұралар оңды-солды зерттелді, бірақ образ талдаудан әріге барғанымыз жоқ. Одақ көлеміндегі В.В.Пропп, Б.Н.Путилов сияқты ғалымдар эпостануға уақыт және кеңістік сияқты философиялық жаңа категорияларды енгізіп, тереңдеп жатқанда қазақ ғалымдары Алпамыс – батыр, Тайбурыл – батырдың серігі, Құртқа – сұлу жар деген қарапайым талдаумен шектеліп жүрді. Осы тұста қазақ эпосындағы этникалық мәліметтерді анықтау ісімен шұғылданып, ұлт тарихына эпостық мұралар арқылы келдім. Кеңес дәуірінде мұндай зерттеулерге жол берілмегені белгілі. Сондықтан бұл проблеманың әлі шешілетін мәселелері шаш етектен.
Ғалым – ғылыми категориялармен ойлайтын маман, ал журналист – қаламы жүйрік қаламгер. Шағын тақырыптың өзін ойнатып, жандырып жіберетін журналистер аз емес. Екеуі тектес болғанымен, өмір шындығын жеткізу принциптері әрқилы. Кейде екеуі бірін-бірі толықтырып та жатады.
Менің алғашқы мақалам 1974 жылы, 2 курста оқып жүргенімде жарияланған екен. Сол кезден бері мерзімді баспасөз беттерінде жүздеген мақала жарияладым. Солардың біразы публицистикалық сипатта көрінеді. Публицистика – дәуір тынысы. Ол да қажет жанр.
«Толқын» – бүгінде буыны қатайып, еңсесі көтеріліп отырған басылым. Газеттің 90 жылдығы қарсаңында оның алғашқы ұйымдастырушысы, әкем Әуелбек Қоңыратбаевтың көзін көрген барлық ұстаздарға, аралдықтарға жалынды сәлем жолдай отырып, шығармашылық жұмыста, күнделікті тіршілікте биік табыстарға жете берулеріңізге тілектестік білдіремін.
Уақыт озады, ұрпақ ауысады, бірақ тарих көптің есінде мәңгі қалады.
Тынысбек Қоңыратбай,
филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі

Құрметті Тынысбек Әуелбекұлы!
Сыр өңіріндегі байырғы басылымдардың бірі – Арал аудандық «Толқын» газеті. Тоқсан жылдық тағылымды тарихы бар бұл газеттің бастауы аймағымызда туған асыл азамат, көрнекті ғалым, сіздің асыл әкеңіз Әуелбек Қоңыратбаев негізін қалаған «Екпінді балықшы» екені баршаға аян. Иә, саналы ғұмырының жарқын беттері «Екпінді балықшыдан» бастау алды десек те қателеспейміз. Әрине, жауапты қызметте жүріп, Сізді және Сіздей ел азаматтарының өмірге деген көзқарасын қалыптастыру үшін баптап, тәрбиелегені сөзсіз. Қазақтың ұлттық мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеген әкеңіз жайлы және оның отбасы туралы, сонымен қатар елге қызмет еткен ағасы мен інісі жайында кеңінен мағлұмат берсеңіз дейміз. Бұл аралдық һәм сырбойылық оқырман үшін құнды дерек боп қалар еді.
«Екпінді балықшыдан» тамыр тартқан газеттің атауы «Социалистік Арал» болып өзгерді, одан кейін 1965 жылы бүгінгі атауы «Толқынға» ауысты. Алайда аты өзгергенімен негізгі мақсатынан айнымай, тұғырынан таймай келе жатқан біздің басылым бүгінгі таңда айтары мол аудан үнпарағына айналды. Бұл қарашаңырақта қазақтың ақиық ақыны Зейнолла Шүкіров, Қазақстанның Еңбек Ері, классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, белгілі ақын Шөмішбай Сариев, қаламгер-журналист Жақау Дәуренбеков секілді азаматтар қанат қағып, шығармашылығын шыңдады. Бүгінгі таңда Әуелбек Қоңыратбаев негізін қалаған ауданның басты басылымы тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Бүгінгі оқырманға бірінші редактор жайлы мақала ұсыну, әсіресе тоқсан жылдық мерейтойымыздың қарсаңында міндет болмақ. Сондықтан ғалым жайындағы бірнеше қызығушылық тудырған сұрақтарымызға қанағаттанарлық жауап қайырсаңыз деген тілегіміз бар. Әуелбек Қоңыратбаевтың ел біле бермейтін ерекше қасиеттеріне, Алаш арыстарымен арасындағы байланысына тоқталып, журналистика жайындағы пікіріңізбен бөліссеңіз. Әке жайындағы қандайда бір мәліметіңз біз үшін құнды. Сізге алдын ала алғыс білдіре отырып, мықты денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Құрметпен, «Толқын» газетінің ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Құндыз Дәуітова маусым, 2020 жыл