Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Түркістанда халықаралық ғылыми конференция өтті

Түркістанда халықаралық ғылыми конференция өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қауамад-дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістанидің өмірі мен мұрасы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Қазақстаннан Әбсаттар Дербісәлі, Досай Кенжетай бастаған ғалымдар легі қатысты. Ал Өзбекстаннан 7, АҚШ-тан 1 профессор келсе, елордасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан ғалымдар онлайн қосылып, баяндама оқыды. ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков сөз сөйлеп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.
Қауамад-дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани 1286-1357 жылдары өмір сүрген дін ғұламасы. Фикһ, ақида ілімін жетілдіруде, ханафи мәзһабын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген. Ғұлама мұрасы терең зерттеуді әрі насихаттауды қажет етеді. Конференция барысында ғалымдар өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ ғалымдар Иқан ауылындағы «Міртемір» мұражайында сақталған көне кітаптар көрмесін тамашалады. Қауамад-дин әл-Итқани әл-Фараби атындағы бауда тал отырғызды. Жергілікті ақсақалдармен жүздесіп, Мәуліт оқу рәсіміне де қатысты.
muslim.kz
16 қараша 2020 ж. 479 0