Сезім сәулесі
Сыр тұнып кеуде тұсыма,Демімді демеп ұстадым.
Үркітпе бекер сезімді,
Балтасын безеп ұстаның.
Ұрандап алға шығып көр,
Сауласын сонда суық тер.
Жырымды жалау етемін,
Жығамын десең жығып көр!.
Сыр ұғып сәуле санамнан,
Жайым бар ойға қамалған.
Өрем деп өлең өмірден,
Шет қалдым жарты бағамнан.
Жаныма жақын өмірде,
Жарамды жазар тек өлең.
Күйелеп қойса күнімді,
Тұйыққа қайта тірелем.
Сабалап кейде сағымды,
Шаңын да шашам даламның.
Өкпемді қалай өртесем,
Кейпіне келем адамның.
Бөленіп сезім ән-жырға,
Әлемім тұнды ақ нұрға.
Қияға қанат қаға бер,
Жетелер баққа Ақ тырна!.
Шолпан Жібекәли қызы
Үркітпе бекер сезімді,
Балтасын безеп ұстаның.
Ұрандап алға шығып көр,
Сауласын сонда суық тер.
Жырымды жалау етемін,
Жығамын десең жығып көр!.
Сыр ұғып сәуле санамнан,
Жайым бар ойға қамалған.
Өрем деп өлең өмірден,
Шет қалдым жарты бағамнан.
Жаныма жақын өмірде,
Жарамды жазар тек өлең.
Күйелеп қойса күнімді,
Тұйыққа қайта тірелем.
Сабалап кейде сағымды,
Шаңын да шашам даламның.
Өкпемді қалай өртесем,
Кейпіне келем адамның.
Бөленіп сезім ән-жырға,
Әлемім тұнды ақ нұрға.
Қияға қанат қаға бер,
Жетелер баққа Ақ тырна!.
Шолпан Жібекәли қызы