Ұлт тәрбиелеу ісінде ұстаздың орны бөлек

Ендеше, осынау ұлы жолда ел мүддесіне қалтқысыз қызмет ететін Мағжан сенген жастарға, жас ұстаздарға қарата достық пейілімді төмендегідей өлең жолдары арқылы білдірсем деймін.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Келешектің тізгінін қолға алалық.
Ұстаздық ұлы жолды таңдаған соң,
Ұлт үшін шыңға қарай қозғалалық!
Жаңаша жол іздеуден жалықпалық,
Таптаурын не, жаңа не анықталық.
«Ақырын жүріп, анық бас» деген Абай,
Құр желеумен негізсіз жанықпалық!
Бір жақсы жолды көрсек сұрасалық,
Кер тартпай басымызды құрасалық.
«Мен жастарға сенемін» деген Мағжан,
Сенеді және бізге мына халық.
Жастық қой кейде күліп, кейде ойналық,
Ұлт үшін уайым қылып, ой ойлалық.
Ойынымыз аз болсын, ойымыз көп,
Оймен талап етпеген іс қоймалық.
Жас ұстаз, жастық өтер, жетер аттан,
Жарамас осы кезде бекер жатқан.
Үкімет жол-жобасын көрсетіп тұр,
Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан?!
Білімнің бәйгесімен танысалық,
Жарау аттай желменен жарысалық.
«Жас маман» жобасы да тұр кермеде,
От жігермен жалына жабысалық!
«Дипломмен ауылға» барсаң шыны
Сонда үкімет табаның тиген күні,
Басыңа үй беріп тұр, күй беріп тұр,
Алғайсың несібем деп енді осыны!
Кеңеселік, ұстаздық іс құралық,
Өркениеттің көшіне жүз бұралық.
Адами капиталдың кілті бізде,
Жарты жаңқаң қалғанша іс қылалық!
Жас ұстаз, тисін десең елге пайда,
Жолдауға қолдау көрсет осындайда!
Ыбырайдың сөзіндей тәмамдасам:
Кел, ұстаздар, сыйынып бір Құдайға!
Д.Аманжолов,
№220 орта мектеп мұғалімі.