Ауыл жастары мешіт имамына жаңа тұрғын үй салуда

– Бәріміздің үмітіміз жастарда. Жастайынан жағымды іске әуес болған бала есейіп, ержеткенде елдің перзенті боларына сенеміз. Ауыл үшін аянбай жүрген жастардың қайырымдылығын көргенде көңіліміз көкке жетеді. Алғыс айтып, бата бергеннен басқа айтарымыз жоқ, – дейді.
«Баталы ер арымас» деген ғой. Жастарға біз де тілекші болдық.