Мұғалімдер қауымы құрмет төрінде

Иә, біздің жетістігіміз баланың жетістігі және жақсы білімі арқылы өлшенеді. Шәкірті шыңға шыққан ұстаздың балаша шаттануы алдымен біздің салада қалыптасқан тұжырым деп есептейміз. Сондықтан еселі еңбектің ауыр әрі күрделі жолында біз жүре беруге бармыз. Қаншама жылдық еңбектің өтеуі болса керек аталған аудандық тамыз кеңесінде аудан әкімінің қолынан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасын алдым. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Осы салада жүрген өзге де әріптестеріме осындай үлкен жетістіктер тілеймін. Бастысы жас буын тәрбиелеу ісіндегі адалдығын армен қатар қоятын ұстаздар қауымына деген қоғамның құрметі ешқашан түгесілмесін. Біз сол жолда табанды еңбек ете бермекпіз.
Ғ.Сейітова,
аудандық білім бөлімінің бас маманы.