Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұлы тұлғаға

Ұлы тұлғаға

Ең әуелі жүрексіндім жазуға мен, АбайдыТүсірдім де, алдыма сап қойдым бір бет нобайды.
Сендей болып ақ қағазға жосылтса көк сияны,
Тамсандырар, сөз жоқ, өлең оқыған көп талайды.
 
Түк емес-тін отыра қап өлең жазу ойпырай,
Осы тұста қалдым неге осыншама ойсырай?
Өлең деген дүниені кезе-кезе ой түйдім,
Өзіңдей боп тумаса шын, ақын тумай қойсын-ай !
 
Ойдың кенін қазып едің алтын-алтын тауы үйіп,
Жүрегіңе кете барды сан мыңдаған жан сыйып,
Жеңіл ой мен арзан күлкі, жиып енді не керек?
Одан дағы айтпап па едің, алдыңдар деп, ой түйіп.
 
Оқуды сен, теріс көрме, әй, қазақтың баласы!
Білімімен өлшенеді әр адамның бағасы.
“Өлең сөздің патшасы „ деп, саптадың сөз сарасын,
“Қиыннан қиыстырар, ердің деп те данасы „.
 
Тәңірім-ай, тарту еткен, сендей дана қазаққа,
Сан мыңдардың бағы үшін, жаралғаның, ғажап та!
Өлеңменен ашып едік өмірдің кең есігін,
Өлеңменен қайтарасың тәнімді де о жаққа?
 
Болашаққа сен арқылы сенімді жол салып ем,
Өлеңнің де есті сөзін сен арқылы танып ем.
“Қазағым деп, қайран жұрт деп„ көтергенің қалың ел,
Тағдырыңды тәлкекке де елің үшін салып ең.
 
Туды сені, Шыңғыс тауы биік етіп өзінен,
Күнде сені таса қылмай нұрын төкті көзінен.
“Желсіз түнгі жарық Айдың дірілдетіп сәулесін,
Гүрілдетіп бір тасыған да, өзендей боп өзің ең! „
 
Шолпан Болманова
Нұр-Сұлтан қаласы
11 тамыз 2020 ж. 614 0