"Құшағы оттай ыстық Сахарадай": Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасқа өлең арнады
Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасқа өлең арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасына Қыдырәлі Болманов және Қайрат Нұртаспен түскен суретін жариялап, ағаларына өлең жолдарын арнаған. Оларға жақсы теңеуді жаудырып, мақтауын асырды өнер иесі. Осылайша Төреғали Төрәлі қос ағасының амандығын тілеген.
"Құшағы оттай ыстық Сахарадай,
Көңілі алып ұшқан шағаладай.
Алдымнан Төкен-ай деп шығатұғын
Сендерді сағындым ғой Ағаларым!
Қажымас қара нарым
Кең байтақ даналарым
Күнім деп еркелетер
Аман бол Ағаларым!
Аңқылдақ айналайын ағаларым,
Сағынсам іздеп барар паналарым.
Ініңе ізіңдегі қарап жүр деп
Қалдырған өздеріңді бабаларым!" - деп жазды Төреғали Төреәлі.
Мұны көрген желідегі жұрт Төреғали Төрәлінің талантына тамсанып, ойларын ортаға салған. Олар тілектерін білдіріп, жақсы пікірлерін жарыса жазды. Жұрт өнер адамдарының татулығына тәнті болған.
"Төреғали бірден өлең шығарып жіберді, шіркін-ай, ақын ғой дарынды бала, жарайсың", "Төреш, сен бәрінен де күштісің", "Сыйластықтарыңыз арта берсін", "Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді", "Мықты", "Қазақтың жігіттерін-ай", "Әрқашан бауырмал, ауызбірлікте болыңдар", "Ағасы бардың, жағасы бар деген осы", - деп пікір білдірді жұрт.
https://stan.kz/kyshagi-ottay-istik-saharaday-toregali-toreali-kayrat-nyrtaska-olen-arnadi-321306/