Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қадір түнінде мешіттер қалай жұмыс істейді?

Қадір түнінде мешіттер қалай жұмыс істейді?

Мешіттер Қадір түнінде қалай жұмыс істейді? Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Коронавирустық пандемияға байланысты қалалар үш аймаққа бөлінді: қызыл, сары, жасыл. Қазір жамағатпен намаз мешітте оқылмайды. Алайда, Қадір түніне дейін қаламыз "жасыл аймаққа" ауысса, жамағатпен бірге намазды оқуға мүмкіндік аламыз", - деп түсіндірді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти сонымен бірге "сары аймақта" орналасқан мешіттерде бес рет намаз оқуға рұқсат етілгенін, бірақ жұма намазын оқуға болмайтынын айтты. Тарауих дұғалары қысқа оқылады. Ал "жасыл аймақта" бес рет намаз, жұма намазы, тарауих намазын оқуға рұқсат етілген.
17 сәуір 2021 ж. 560 0