Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Даңқты шопан, «Дала академигі»

Даңқты шопан, «Дала академигі»

2021 жылы 23 сәуірде ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мен Қазақұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақстанның қой шаруашылығы: өткені, бүгіні және келешегі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізілді.Конференция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласынан туындайтын негізгі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.Конференцияның мақсаты – екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолы арқылы жастардың дүниетанымын қалыптастыру, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын насихаттау, қазақстандық қой шаруашылығы саласындағы аграрлық білім мен ғылымның әлеуетін арттыру.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Көшербаев Қырымбек Елеуұлы, ҚР Ауылшаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлы, ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, Алматы қаласының әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы, Жамбыл облысы әкімі Сапарбаев Бердiбек Машбекұлы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Н.Б. Жүсіп пен А.Қ.Күрішбаев, Парламент Мәжілісі депутаты С.Ж.Адамбаев және т.б. қатысты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуініңнегізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ ол толық көлемде пайдаланылмайды» деген. Конференцияға қатысушылар Мемлекет басшысының АӨК-нің алға қойған міндеттерін іске асыру үшін, біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ шетелдерде сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін Қазақстанның әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
Конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Дала академигі» Жазылбек Қуанышбаевтың өнегесі ұлттық идеологияның бірден-бір бөлігіне айналғанын атап өтті. Шынайы өндірістік еңбек әлеуметтік жаңғырту саясатының негізгі идеологиясы болып табылады. Бүгінде әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, экономикалық және мәдени байлығы виртуалды қаржылық институттармен емес, адам еңбегімен жасалынады. Тек еңбек арқылы ғана жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз. Сондықтан, әлеуметтік жаңғыртудың негізі шынайы өндірістік еңбек.
Қырымбек Елеуұлы елімізде малшылардың мереке күнін тағайындау туралы шешімнің орынды екендігін атап өтті. Бұл мал шаруашылығы саласының қызметкерлерінің беделін көтереді. Агроөнеркәсіптік кешеніне бәсекеге қабілетті, біліктілігі жоғары мамандар дайындау ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемін халықаралық стандарттарға сәйкес ұлғайтуға мүмкіндікбереді.
ҚРАуыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы өз сөзінде қазіргі таңда Қазақстанның ішкі нарығы отандық қой етімен 100 пайызға қамтамасыз етілгенін айтты. Отандық қой етіне шетелдерде сұраныс бар. Сонымен қатар Министр биыл Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аяқталатындығы туралы айтты.
Сондықтан ҚР АШМ бизнеспен, ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, таяудағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа Ұлттық жобасын әзірледі. Ұлттық жобада үздік әлемдік технологиялар трансферті, жаңа техника мен технологиялар сатып алуға жеңілдіктік кредиттер беру, фермерлерді жайылымдар мен қамтамасыз ету, халықаралық қаржы институттарынан қаражат тарту, шопандардың зейнет жасын төмендету, олардың балалары үшін мектеп-интернаттар салу, сондай-ақ қой шаруашылығымен айналысатын фермерлерді ынталандыру жөніндегі іс-шаралар және т. б. көзделген.
Конференция жұмысына облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, ҰҒА академиктері, республикалық қой шаруашылығы палаталарының, салалық қауымдастықтардың, ірі агроқұрылымдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және басқа елдердің ғылыми-зерттеуинституттары мен жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдары қатысты, олар Қазақстандағы қой шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелеріне және оларды шешу жолдарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Онлайн-конференция барысында Жазылбек Қуанышбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы деректі фильм көрсетілді. «Алтын дән» этно-фольклорлық халық аспаптар ансамблінің орындауында халық күйлері орындалды.
Мен, университет басшысыретінде, конференцияның барлық қатысушыларына оның жұмысына белсенді атсалысқандары үшін алғыс айтамын. Конференцияға қатысушылар ұсынған ұсыныстар Қазақстанда қой етін өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ оны әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
 А.И. Кульдеев, Б.Д. Айтжанов,
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университет  профессорлары
29 сәуір 2021 ж. 506 0