Жетімнің көз жасы
Есімді білгелі балалар үйінде ер жеттім. Маған әке де, ана да міне осы жетімхана бола білді. Мұнда біз жас шамамыз әртүрлі сексен шақты бала тәрбиелендік. Олардың басым көпшілігінің тағдыры менімен шамалас, туыла салысымен тірі жетімге айналғандар. Ал, енді бірін тіпті, әке-шешесі ес білген шағында да, жетектеп әкеп тастап кеткен. Біздің бес тәрбиешіміз болатын, олар бір кезекте үш адамнан болып ауысып отыратын. Біз оларды «мама» деп атайтынбыз. Бұл кісілер қасиетті ана атына мың есе лайық тұғын. Айтпақшы, менің атым Азамат, ал балалар үшін «мусорчик». Неге дейсіз бе? Қазір айтамын.
Бізге Рәзия деген мамамыз дәріс оқытатын, жүзінде жылулық бар, ол кісіні бүткіл жетімхана сыйлайтын. Бір күні Рәзия мамамыз жайлы қаралы хабар келді, қайтыс болыпты. Қайтыс болдыны біз жетімдер түсініппіз ба? Рәзия мамамыздың туыстары құран оқытқанда тамаққа бір тойдық-ау деп қуандық. Бірақ, кейін білдік мәңгілікке келмеске кеткенін, өкінгенмен пайда жоқ еді. Дәріс беретін мамамыздың орнына түсі суық, шашы иығынан ғана келген бір әйел келді (аты есімде қалмапты). Мінезін түрі айқындап-ақ тұрғандай екен нағыз сұмның өзі. Шулауды, еркелеу дегенді ұмыттық. Тыпыр еткен адам көрсе болды жазалайтын. Бірде сабақта қатты дәрет қысып, сыртқа шығып келуімді өтіндім. Кейін шығасын деп ұрсып тастады өзіме. Жас шамам тоғызда болатын, тоғыздағы бала шыдай алсынба?! Отырған күйімде аяғыма жабысып еденге қарай ыстық, сары су төгіледі. Бәрі байқады, демек бәрі де бітті деген сөз. Маған айтылған айқайды сіздерге айтып жеткізе алмаймын, ең сорақысы апайдың «анасы мусорға тастап кеткен сорлы жетім, мусорщик» деген сөзі... Дұшпаныма да тілемеймін, сол күні мен таңға дейін жылап шықтым. Ертесі балалардың мазақтауымен мусорщик атанып кеттім. Қаншасымен осыны айтқаны үшін төбелестім, бірақ, қалқиған қос құлақ оғанда еті үйренді.Әлгі сұрқия апайымыз көп істемеді, бір күні жұмыстан кетті, кететіндейі де бар, себебі мұнда көздері жәутеңдеген балапандарға мейірімділік аса қажет еді.
Мен заманның қиын кезінде дүниеге келдім, сол себептенде болар мені ешкім асырап алмады. Есім кіргесін кімге керекпін, өзімнен кішкентай есін білмейтін жетімді асырап алуға әкетіп бара жатқанын көріп қызғанатынмын. Осы орайда, «Құрметті менің оқырман туыстастарым, бала есі кірген болса да асырап алыңыздаршы, олар да жанұяға бақыт сыйлай алады».
Мені туған әйел шынында да мені босанған соң төрт айдан кейін қоқысқа тастап кеткен, мен оған осы үшін ғана ренжулімін. Неге тым болмаса басқалар ұқсап бөтен біреудің есігінің алдына қойып кетпеді екен. Сонда да мен ол әйелді құрметтеймін, жақсы көремін, мені алдырып тастамай, денімді сау қылып туып, дүниені көруіме мүмкіндік берді. Алда-жалда оны кездестірсем «мусорчик балаң ер жетті», – деп күліп қарсы аламын...
Балалар үйінде жүргенімде бізге көмектесетін мейірбан жандарға Алла жолын оң қылсын деп дұға жасайтынмын. Алла деген ол бізді жаратқанын білемін және Алланы өзіме ойша дос санайтынмын.
Қазір оқу оқимын, он сегіз жасымнан соң балалар үйінен кетіп, мемлекет берген жастар жатақханасын паналаудамын, бос уақытымда жұмыс істеп ақша табамын.
Оқырман туыстастарым ешкімді жетімсің деп сөкпейікші, жетімі мен жесірін жылатпаған халық емеспіз бе? Бұл сөзді қолданыстан жоқ қылатын дәрежеге жетейікші.
Қайрат Нұрлықасымұлы,
әлеуметтік желідегі парақшасынан
әлеуметтік желідегі парақшасынан