Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грекияда жер сілкінді

Грекияда жер сілкінді

Мамандардың айтуынша, бұл аймақ бұрыннан сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлердің бірі саналады.

Грекияның Эвбея аралында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Афина тұрғындарына да сезілген.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Эвбея аралындағы Лимни қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым жерде орналасқан.
Дүмпулер шамамен 20 секундқа созылып, одан кейін бірнеше минут ішінде бірқатар афтершок тіркелген.
Ғалымдар алдағы екі тәулік бойы өңірдегі сейсмикалық белсенділікті бақылап, жағдайды жан-жақты бағаламақ.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, аралдың кейбір бөліктерінде көшкін жүрген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Мамандардың айтуынша, бұл аймақ бұрыннан сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлердің бірі саналады.

baq.kz
Фото: baq.kz
08 маусым 2026 ж. 41 0